Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақтөбе облысында қытай кәмпитін жеген оқушылар жаппай уланды

kaz.365info.kz

Ақтөбе облысында қытай кәмпитін жеген оқушылар жаппай уланды

Ақтөбе облысының Қобда ауданында 4-сынып оқушылары жаппай уланып, ауруханаға жеткізілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға 18 ақпанда Қобда ауданында болған. Қобыланды батыр атындағы орта мектептің 23 оқушысы шұғыл ауруханаға жатқызылды. Төртінші сынып оқушыларында жүрек айну, көзден жас ағу және бөртпе белгілері байқалды. «Оқушылардың бірі мектеп жанындағы дүкеннен қытай тәттісін әкелген. Оны жегеннен кейін жеті бала өзін нашар сезініп, тағы тоғызы қатты иістен ауырып қалды», – деп хабарлады Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы. Қобда ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Арман Қабыловтың сөзінше, сынып жетекшісі балалардың жағдайы нашарлағанын байқап, дереу жедел жәрдем шақырып, ата-аналар мен мектеп әкімшілігіне хабарлаған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 наурыз 2025