Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Оқушыға қол көтерген мектеп күзетшісі жұмыстан шеттетілді

ktk.kz

Оқушыға қол көтерген мектеп күзетшісі жұмыстан шеттетілді

Мектеп әкімшілігі аталған оқиға бойынша тексеру жүргізіп, бейнебақылау камераларын қарап шықты. Қауіпсіздік қызметкерінің қол көтергені расталып, білім мекемесіне 102, 103 қызметтері шақырылған.

- Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін мектепке полиция қызметкерлері мен күзет фирмасының өкілдері келді. Полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бақылауды әлсіретіп алған мектеп басшысына тәртіптік шара қолданылды. Ал күзет агенттігінің басшылығына мектеп атынан талап арыз жолданды. Күзетші қызметтік міндеттерін атқарудан босатылды. Білім ұясының барлық қызметкерімен оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша қосымша нұсқаулық өткізілді, - деп хабарлады Павлодар қаласының білім беру бөлімінен.

Бұған қоса білім беру бөлімі мектеп директорларымен білім беру ұйымдарында қауіпсіздік шараларын сақтаудың қажеттілігі және оқушылардың денсаулығы мен өмірінің сақталуына қатысты бірінші басшылардың жауапкершілігі туралы шұғыл жұмыс кеңесін өткізген.

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 наурыз 2025