Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шығыс Қазақстанда 20 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды

kaz.365info.kz

Шығыс Қазақстанда 20 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды

Шығыс Қазақстан облысында 2004 жылдың 22 қаңтарында Өскемен қаласындағы үйлердің бірінен зорлық белгілері бар ер адамның мәйіті табылған еді. Тергеу барысында бұл қылмыстың ізін жасыру үшін күдікті оқиға орнын өртеп жібергені анықталды. Сол кезде қылмыстық іс қозғалғанымен, айғақтардың жойылуы мен қылмыскердің ізін суытуы тергеу барысын күрделендірді. Алайда қанша жыл өтсе де, полиция қызметкерлері бұл істі ұмытқан жоқ. Жедел уәкілдер материалдарды қайта қарап, деректерді талдап, қылмыстың толық көрінісін кезең-кезеңімен қалпына келтірді. 2025 жылдың ақпан айында қылмыстық іс қайта жанданып, жедел тергеу тобы кешенді іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдіктінің ізіне түсу мүмкін болды. 18 ақпанда сот шешімімен күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жалғасуда. Бұл – әділдік орнайтынын дәлелдейтін тағы бір айқын мысал.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 наурыз 2025