Ақтөбе облысында көліктері бұзылып, жолда қалған төрт Тәжікстан азаматы құтқарылды

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Ақтөбе облысындағы жылыту пунктіне және жақын маңдағы елді мекендерге 21 адамды, оның ішінде 5 баланы эвакуациялады. Сондай-ақ, қарда тұрып қалған автокөліктен 4 адамды құтқарды.
Авариялық-құтқару жұмыстары республикалық маңызы бар «Самара-Шымкент» және «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» автожолдарында жүргізілді.
Сондай-ақ бүгін түнде төтенше жағдай қызметкерлеріне Ақтөбе облысы Алға қаласында 1958 жылы туған ер адамға ота жасату үшін оны медициналық мекемеге жеткізу қажет екендігі туралы хабарлама келіп түскен. Жол жабық болғандықтан, жедел жәрдем қызметкерлерімен бірге жол талғамайтын Трэкол көлігімен жолға шығу қажет болды. Құтқарушылар адамды шұғыл түрде Ақтөбе қаласына жеткізіп, одан әрі облыстық ауруханаға жатқызу үшін жедел медициналық көмек бригадасына тапсырды.
Ал Ақтөбе облысының Хромтау ауданында Самара-Шымкент автожолында патрульдеу кезінде 4 Тәжікстан азаматтары мінген автокөлік ТЖМ 20982 әскери бөлімінің күшімен Хромтау қаласындағы Шерхан кемпингіне сүйреп, жеткізілді. Белгілі болғандай олардың көліктері сынып, қозғалысты жалғастыра алмаған. Шетел азаматтары алғыстарын білдірді.
Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
12 наурыз 2025