8 жастағы қызын зорлаған азғын әке өмір бойына сотталды

Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 24 ақпанда 29 жастағы Әділхан С-ға қатысты үкім шығарды. Сотталушы 2024 жылдың маусым айында сегіз жасар қызының дәрменсіз жағдайын пайдаланып, оны зорлаған. Сотталушының кінәсі айғақтарымен, фотосуреттермен және сараптамалық қорытындылармен дәлелденді. «Сотталушы Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», – делінген су заңды күшіне енбеген үкімде. Басылымның мәліметінше, сотталған азамат «СПК «Солтүстік» АҚ-да бас маман болып жұмыс істеген және Солтүстік Қазақстан облысының бірнеше ауданында әкім болып істеген өңірге танымал адамның ұлы.
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
12 наурыз 2025