Семейде оқушыны соққыға жыққан жасөспірімдер арнайы мектепке жіберілді

Семейде қатарластарына күш көрсеткен жасөспірімдерге қатысты комиссия шешім қабылдады. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында жасөспірімдердің зорлық әрекеттері қаралды. Жиын қорытындысы бойынша оқиғаға қатысқан барлық жасөспірімдерді оқшаулап, психологтардың көмегіне жүгіну үшін девиантты мінез-құлыққа бейім балаларға арналған арнайы мектепке жіберу туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, комиссия үш ата-ананы ата-ана құқығынан айыруды, ал бір қамқоршыға қатысты екі баланы қамқорлықтан ажыратуды ұсынды. Барлық материалдар сотқа жолданып, соңғы шешімді сот шығарады. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот жасөспірімдердің арнайы мекемеде қанша уақыт болатынын және ата-ана құқығынан айыру мәселесін қарастырады. Абай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жасөспірімдердің іс-әрекетіне қатысты тергеу басталған.
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
12 наурыз 2025