Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Өскеменде қоқыс жәшігінен табылған нәрестенің анасына қатысты тың деректер анықталды

kaz.365info.kz

Өскеменде қоқыс жәшігінен табылған нәрестенің анасына қатысты тың деректер анықталды

Өскеменде жаңа туған нәрестесін қоқыс контейнеріне тастап кеткен 44 жастағы әйел анықталды. Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті бұл оқиғаны растады. Ресми мәліметтерге сәйкес, нәресте өлі күйінде табылған. «Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары барысында нәрестенің анасы анықталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады ШҚО полиция департаменті. Белгілі болғандай, күдікті әйел Өскеменде жалдамалы пәтерде жалғыз тұрған. «Әйел 2024 жылдың сәуір айында медициналық тексеруден өткен. Келесі тексеру 2025 жылдың сәуіріне жоспарланған болатын. Ол жүктілік бойынша есепке тұрмаған және медициналық көмекке жүгінбеген. Әйелдің бес баласы бар, психоневрологиялық диспансерде есепте тұрмайды. Өзінің айтуынша, 22 ақпан күні кешкі сағат 20:00 шамасында үйінде жалғыз босанып, нәрестенің өмір белгілері болмаған. Осыдан кейін оны қоқыс жәшігіне апарып тастаған», – деп хабарлады ШҚО денсаулық сақтау басқармасы. Сонымен қатар, облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл жағдайға байланысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта әйел амбулаторлық бақылауда, оның жағдайы қанағаттанарлық.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 наурыз 2025