Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Түркістанда мүгедек жігітті бірнеше жыл зорлаған күдіктілер әлі бостандықта жүр

kaz.365info.kz

Түркістанда мүгедек жігітті бірнеше жыл зорлаған күдіктілер әлі бостандықта жүр

Түркістан облысында 24 жастағы ерекше қажеттілігі бар жігітті ауыл тұрғындары бірнеше жыл бойы зорлап келгені туралы ақпарат тарады. Қазіргі уақытта полиция бұл іске қатысты алты адамнан жауап алып, тергеу жүргізіп жатыр. Жантүршігерлік жағдай Келес ауданында болған. Жігіт өзін жайсыз сезініп, анасына шағымданғаннан кейін ғана шындық ашылды. Анасының айтуынша, ұлын ұзақ уақыт бойы бірнеше адам зорлап келген, олардың арасында өз туысы да бар. «Ауылымыз шағын, небәрі 100-ге жуық аула бар. Балама бұл қорлықты күйеуімнің үш туысы көрсеткен. Олар – бір үйдің адамдары. Тағы бір күдікті менің баламнан 10 жас кіші. Ұлымды кезек-кезек зорлап отырған. Менің ең қатты қынжылғаным – бұл әрекетті тек ересектер ғана емес, балалар да жасағаны. Олар баламның әлсіздігін, әкесінің жоқтығын пайдаланып, оны қорғайтын ешкім жоқ екенін білген», – дейді жәбірленушінің анасы. Полиция бұл оқиғаға қатысты тергеу амалдары басталғанын растады. Алайда күдікті ауыл тұрғындары әлі бостандықта жүр. Олардың кінәсі сараптама нәтижесіне байланысты анықталмақ. «Аталған дерек полиция бөлімінде тіркелді. Барлық мән-жайды анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Полицейлер 6 күдіктіні анықтап, жауап алды. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша заңды шешім қабылданады. Бұл іс Түркістан облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында», – деп мәлімдеді Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
11 наурыз 2025