Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Атырау облысындағы кен орнында ауаға атқылаған газ алауы әлі тоқтаған жоқ

ktk.kz

Атырау облысындағы кен орнында ауаға атқылаған газ алауы әлі тоқтаған жоқ

«Ембімұнайгаз» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, Батыс Прорва кен орны Жылыой ауданында орналасқан. Аталған кен орнынан «Жылыоймұнайгаз» басқармасы мұнай мен газ өндіреді.

Кеше, 6 наурызда кен орнындағы № 437 ұңғымада перфорация жүргізілген. Содан кейін сорапты-компрессорлық құбырды түсіру кезінде газ атқылаған. Ауаға атқылаған газдың салдарынан сорапты-компрессорлық құбыр істен шыққан.

— Бұл — консервацияда тұрған кен орны. Ондағы газ атқылауы әлі тоқтаған жоқ, -деп мәлім етті компанияның баспасөз қызметі.

Телеграм арнасының бірі газ алауының биіктігі 20 метрге жеткенін хабарлады. Алайда «Ембімұнайгаз» АҚ-ның баспасөз қызметі бұл дерекке байланысты ақпарат берген жоқ. Газ алауын тоқтату үшін «Ембімұнайгаз» АҚ-да жедел штабы құрылып, шұғыл шаралар қолға алынған. Кен орнының аумағы қоршалған. Газ алауын сөндіруге «Ақ Берен», «Семсер Өрт сөндіруші» мамандары тартылған. Сондай-ақ «СОП Атырау» ЖШС-нің мобильді күзеті жұмылдырылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 наурыз 2025