ІІМ: Түркістан облысында экстремистік материалдарды таратқан топ ұсталды

Polisia.kz-тің мәліметінше экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері ҰҚК-мен бірлесіп, құрамында Мақтаарал ауданының тұрғындары бар радикалды діни топтың қылмыстық әрекетін тоқтатты.
— Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілердің бұл топқа радикалды діни көзқарастары бойынша біріккені анықталды. Олар әлеуметтік желілерде басқа діндегі азаматтардың қадір-қасиетін және діни сезімдерін қорлайтын сөздер жариялап отырған. Сот бұрын экстремистік деп таныған аудио және бейнематериалдарды халық арасында таратқан, — деді ІІМ-де.Күдіктілердің тұрғылықты жері мен жұмыс орындарын тінту барысында 20-дан астам діни әдебиет, есірткі құралдары, оқ-дәрілер, заңсыз сақталған қару және басқа да заттай айғақтар тәркіленді. Топ жетекшілері соттың санкциясымен қамауға алынды.
— Жасалған қылмыстық әрекеттердің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр, — деп атап өтті полиция ведомствосы.
Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
12 наурыз 2025