Түркістанда фастфуд жеген 55 адам уланды

Түркістанда фастфуд тұтынған тұрғындар жаппай астан уланып, ауруханаға түсті. Олар ауызашарға жергілікті дәмханадан суши мен пицца тапсырыс берген. Жергілікті тұрғын Шахноза Нарзуллаеваның айтуынша, тамақ жегеннен кейін көп ұзамай адамдардың жүрегі айнып, құсу белгілері байқалған. «Сағат 11-де бәріміз құса бастадық. Содан кейін жарты сағат ішінде жедел жәрдем шақырылды. Ауруханаға төрт-бес адам жеткізілді, оның ішінде екі мектеп оқушысы мен жүкті әйел бар», – деді ол. ҚР Қылмыстық кодексінің «Санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бабы бойынша іс қозғалды. Қазіргі таңда 22 науқас аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде ем қабылдап жатыр. Түркістан орталық ауруханасының бас дәрігері Бекзат Берденов олардың жағдайы тұрақты екенін, өмірлеріне қауіп төніп тұрмағанын хабарлады.
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
13 наурыз 2025