Жамбыл облысында 13 жастағы қыз бала босанды

Сенатта өткен жасөспірімдер арасындағы жүктілік мәселесіне арналған отырыста бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылықтың кең тарағанын айтты. Отырыс барысында ол алты жыл бойы ағалары зорлаған 13 жастағы қыздың оқиғасын еске салды. «Мен жыныстық зорлық-зомбылық құрбаны болған жасөспірім қыздармен жиі кездесемін. Жақында Жамбыл облысына барып, 13 жасында ұзақ жылдар бойғы зорлықтың салдарынан ана атанған қызды көрдім», – деді Динара Зәкиева. «Көптеген қыз өздеріне жасалған қылмысты түсінбеген. Олар мұндай жағдай барлық отбасында бар деп ойлаған. Бұл жағдайдың қаншалықты ауқымды екенін көрсетеді және оның алдын алу қажеттігін дәлелдейді», – деп қосты ол. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, зорлық-зомбылықпен күрес төрт негізгі бағытта жүруі керек: • құқықтық нормаларды күшейту; • өзін-өзі қорғау және ақпараттандыру жүйесін дамыту; • отбасымен жұмыс істеу, қауіп факторларын ерте анықтау; • инфрақұрылымды дамыту және жәбірленушілерге уақтылы көмек көрсету. Әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа заң аясында зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары қарастырылған. Олардың ішінде проблемалық отбасыларды анықтайтын мобильді топтар құру және әр ауданда отбасын қолдау орталықтарын ашу жоспарланған. Қазіргі таңда 112 орталық ашылып, тағы 109-ы іске қосылу кезеңінде.
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
13 наурыз 2025