Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматы облысында қойма өртенді

ktk.kz

Алматы облысында қойма өртенді

Алматы облысы ТЖД мәліметінше, қоймада азық-түлік өнімдері мен автокөлік майлары сақталған. Жалын жалпы ауданы 600 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өртті сөндіруге Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 34 қызметкері және 13 техникасы, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 6 қызметкері және 1 техникасы жұмылдырылған.

"Өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел әрекетінің арқасында тілсіз жау бүкіл қойма аумағына және жанында орналасқан үш қабатты әкімшілік ғимаратқа таралуына жол берілмеді. Өрт сағат 17:17–де оқшауланды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Алматы облысының құтқарушылары өнеркәсіптік нысандар мен қоймаларда өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау қажеттігін еске салады.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
31 наурыз 2025