Павлодарда мектеп оқушысы қатарласын соққыға жықты

Павлодарда жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық оқиғасы тіркелді. №16 мектептің оқушысы қатарлас қызды ұрып-соғып, бұл сәтті куәгерлер видеоға түсіріп алған. Желіде тараған кадрлар «Молодой Кабылтаев» Telegram-арнасында жарияланды. Құқық қорғау органдары төбелеске қатысушылардың жеке басын анықтады. Кәмелетке толмаған баланың заңды өкіліне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Ал төбелесті бастаған оқушы қылмыстық жауапкершілікке тартылатын жасқа толмағандықтан, оның ісін Павлодардың кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссиясы қарастырады.
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
31 наурыз 2025