12 жастағы туысын зорлаған жасөспірімге сот үкімі шықты

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 12 жастағы қызды зорлады деп айыпталған колледж студентіне үкім шығарды. Сот процесі жабық режимде өтті. Жасөспірім ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі (Кәмелетке толмағанды зорлау) және 121-бабының 4-бөлігі (Кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі түзеу мекемесінде өтейтін болады. Облыстық балалар құқықтары жөніндегі омбудсмен Сәуле Шәкенева бұл істің сотта қаралуы ұзақ уақытқа созылғанын атап өтті. «Өкінішке қарай, мұндай қылмыстар көбінесе жақын туыстардың немесе үйге жиі келіп жүретін адамдардың тарапынан жасалады. Бұл даулы іс – осындай статистиканың дәлелі», – деді ол. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ, тараптардың апелляциялық шағым түсіру мүмкіндігі бар.
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
31 наурыз 2025