Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Түркістан облысында 8-сынып оқушысы жүкті болып қалды: күдікті 37 жаста

kaz.365info.kz

Түркістан облысында 8-сынып оқушысы жүкті болып қалды: күдікті 37 жаста

Түркістан облысы Келес ауданында сегізінші сыныптың оқушысы жүкті болып қалған. 14 жастағы қыздың құрсағында сәбиі бар екенін білген анасы полицияға шағымданыпты. Қазір кәмелет жасына толмаған жеткіншекті зорлады деген күдікпен 37 жастағы азамат ұсталды. Ол жәбірленушінің көршісінің үйіне келіп жүрген адам екен. Анасы сегізінші сыныпта оқитын қызының іші шығып кеткенін байқап, ауруханаға жетектеп апарғанын айтады. «Іші өсіп жатты. Қатты семірді. Тексеруге апарсам жүкті деді. Содан білдім. Зорлық-зомбылық қылған. Зорлаған. Жаңағы Азат деген. Мама зорлады сіз жоқ кезде деп. Қорқытқан ғой қатты. Өлтіремін айтатын болсаң деп», – дейді жәбірленушінің анасы Айнұр. Ең сорақысы, кәмелет жасына толмаған қыз жеті ай бойы құрсағында сәбиі бар екенін ешкімге айтпаған дейді анасы. Тіпті, мектепке барып, сабақ оқып жүріпті. Аудандық білім бөлімінің өкілдері жәбір көрген оқушыға дағдарыс орталығының мамандары көмек көрсетіп жатқанын мәлімдеді. «Қазір жасөспірім дағдарыс орталығына уақытша орналастырылды. Оған қажетті психологиялық көмек көрсетілуде. Сондай-ақ аудандық полиция бөлімі тарапынан тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – дейді Түркістан облыстық білім бөлімі. Бұл іс бойынша оқушының көршісінің үйіне келіп жүретін 37 жастағы азамат қамауға алынды. Екі баласы бар күдікті әпкесінің баспанасына жатып, қара жұмыспен нәпақа тапқан дейді туыстары. Қазір полиция сот-медициналық сараптамасын тағайындап, тергеу жүргізуде.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 сәуір 2025