Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қарағандылық отбасы асырап алған балаларды қорлап келген

kaz.365info.kz

Қарағандылық отбасы асырап алған балаларды қорлап келген

Қарағанды облысында 6 баланы асырап алған отбасы оларды жүйелі түрде азаптап, еңбек күші ретінде пайдаланғаны үшін сот алдында жауап беріп жатыр. Тергеу мәліметінше, балалар ата-ана мейірімінің орнына күнделікті зорлық-зомбылық пен аштық көрген. Олардың бірі тіпті мүгедек болып қалған. Отбасы Қарқаралы ауданына қарасты ауылдардың бірінде 2018 жылы отбасы үлгісіндегі балалар үйін ашқан. Сол уақыттан бастап балаларды мал шаруашылығына жегіп, ауыр жұмыс істеткен. Прокурордың айтуынша, балалар ботқа орнына малдың тезегі қосылған тамақ ішкен, кейбірі иттің үйшігінде түнеуге мәжбүр болған. Қамқоршылық органдарының бұл жағдайға дер кезінде назар аудармауы қоғамда үлкен резонанс тудырды. Отбасы мемлекеттен асыранды балалар үшін 300 мың теңге жәрдемақы алып отырған. Қазіргі таңда үш бала туған әжесінің қарауына берілсе, қалған үшеуі қайтадан балалар үйіне жеткізілді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 мамыр 2025