Каспий жағалауынан Қызыл кітапқа енген 88 итбалықтың өлексесі табылды

Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында Каспий теңізінің жағалауынан 88 өлі итбалық табылды. Бұл жануарлар Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Оқиға бойынша тергеу басталды. Мамандардың айтуынша, батыс бағыттағы жел салдарынан итбалықтар жағалауға шығып қалған. Алайда табылған денелердің шіру деңгейі өте жоғары болғандықтан, нақты өлім себептерін анықтау мүмкін болмай отыр. Мамандар олардың өлгеніне 2–3 апта өткен болуы мүмкін екенін айтады. Барлық өлексе арнайы полигонда жойылды.
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
3 мамыр 2025