Орал қаласында ток соққан бала көз жұмды

Орал қаласында ток соққан 9 жастағы бала ауруханада қайтыс болды. БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасында 1 мамырдан 2-сіне қараған түні көз жұмды. БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі осы қайғылы оқиғаға байланысты тергеу амалдары жалғасып жатқанын жеткізді. — Қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды, — деп хабарлады ведомстводан. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда ток соққан баланың ауруханаға жатқызылғанын жазған едік.
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
3 мамыр 2025