«Горельник» шатқалында студент қаза тапты: тас басып қалған

4 мамыр күні «Горельник» шатқалында серуенде жүрген студент қыз тас құлап басып қалды. Қайғылы оқиға 2,5 мың метр биіктікте, сарқырама маңында орын алған. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға куәгерлері құтқарушыларға хабар берген. Қызды өз беттерінше шығара алмаған куәгерлер таудан төмен түскен соң ғана байланыс орнатқан. Оқиға орнына ТЖМ-нің Республикалық жедел-құтқару жасағынан 18 құтқарушы, 109 қызметі, апаттық медицина бригадасы мен екі кинологиялық топ жеткен. Қыздың денесі арнайы гидравликалық құрылғының көмегімен шығарылып, полицияға тапсырылды.
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
9 мамыр 2025