Алматыда мопедпен келіп, банк тонамақ болған ер адам ұсталды

Алматыда түнгі уақытта банк ғимаратына кіріп, тонауға оқталған 32 жастағы ер адам ұсталды. Ол мопедпен келіп, терезе арқылы ішке енгенімен, касса бөліміне өте алмай кеткен. Полиция мәліметінше, күдікті брондалған әйнекті бұза алмаған соң, оқиға орнынан кетіп қалған. Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде ер адам аз уақыт ішінде анықталып, қолға түсті. Қалалық криминалдық полиция басқармасының хабарлауынша, бұл оқиға – бейнебақылау жүйесі мен жедел қызметкерлердің үйлесімді жұмысының нәтижесі. Күдікті өз кінәсін мойындаған, қылмыстық іс қозғалды.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
13 мамыр 2025