«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» бұрынғы басшылығы қор қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-департаменттің ага тергеушісі Қайсар Баржақсынов хабарлады. «Сатып алынатын қызметтердің құнын көтеру арқылы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-ның қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды», – деді ол абрифингте. Еске сала кетсек, 10 шілдеде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов қызметінен босатылған болатын.
- Соңғы
- Танымал
- Шілде, 04
-
-
- Шілде, 03
-
-
-
- Шілде, 02
-
- Шілде, 01
-
- Маусым, 30
-
-
-
-
-
-
- Маусым, 28
-
- Маусым, 27
-
-
-
- Маусым, 26
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
6 шілде 2025
6 шілде 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар