Атырау облысында зираттарды қиратқан бұзақы ұсталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында зираттарды қиратқан бұзақы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл оқиға 27 қыркүйекте сағат 13:38 шамасында Қызылқоға ауданының Қоғам елді мекені маңында болған. «Қызылқоға ауданының тұрғыны «Мәтен қожа» қауымындағы түнек үйі мен сарайды өртеп, 13 адам жерленген зираттар мен құлпытастарды сындырған. Осыған орай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде осы ауданның 1977 жылы туған тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау орнына қамалды. Күдіктінің басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде», -деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
- Соңғы
- Танымал
- Шілде, 04
-
-
- Шілде, 03
-
-
-
- Шілде, 02
-
- Шілде, 01
-
- Маусым, 30
-
-
-
-
-
-
- Маусым, 28
-
- Маусым, 27
-
-
-
- Маусым, 26
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
6 шілде 2025
6 шілде 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар