Маңғыстауда І және ІІ деңгейлі инфекциялық стационарларда 72 науқас емделуде

Басқарма мәліметінше, сол 72 науқастың ішінде 7-нде коронавирусқа тапсырған сынама оң нәтиже көрсеткен. Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде 7 науқас жатыр. Оның 5-еуінің жағдайы ауыр, тағы 2 науқас өте ауыр халде деп бағалануда. Біреуі тыныс алу аппаратына қосылған. Бұл бөлімге түскендердің нашарлауына жедел тыныс жетіспеушілігі және ілеспе аурулардың болуы себеп. Бүгінде аймақтың оқшаулау орындарындағы төсек-орын жүктемесі 33 пайызды құрайды. Облыс көлемінде 215 инфекциялық І-ІІ сатылы төсек орын бар. Сондай-ақ, реанимациялық төсек саны 43. Анықтамасыз шетелден келген Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына арналған карантиндік стационарларда барлығы 270 төсек орын бар.
- Соңғы
- Шілде, 04
-
-
- Шілде, 03
-
-
-
- Шілде, 02
-
- Шілде, 01
-
- Маусым, 30
-
-
-
-
-
-
- Маусым, 28
-
- Маусым, 27
-
-
-
- Маусым, 26
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
5 шілде 2025
5 шілде 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар