«Анасына хабарлама жіберіп үлгерген»: елордада тағы бір жасөспірім қыз педофилдің құрбаны бола жаздады (ВИДЕО)

altyn-orda.kz

«Анасына хабарлама жіберіп үлгерген»: елордада тағы бір жасөспірім қыз педофилдің құрбаны бола жаздады (ВИДЕО)

Елордада қоғамдық көлікте 12 жастағы жасөспірім қыз өзіне бейтаныс адамның жақындап жабыса бастағанын байқап, дереу анасына хабарлама жазып жіберген. Бұл сұмдық жағдай туралы оның анасы Қарлығаш Оңғарова айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Бүгін, 2022 жылдың 19 мамырында, бұл есуас менің кәмелетке толмаған қызыма тиіспек болған. Бәтес ұзын бойлы болғанымен, әлі бала ғой, ол небәрі 12 жаста.Әлгі есуас автобуста оған жақындаған. Тіпті қызымның жамбасына жабысқан. Бәтес кетіп қалған, ол тағы жақындап, оған қайтадан қолын тигізе бастаған.Мұндай жағдайлар миллиондап кездеседі, бірақ көпшілігі бұған мән бермейді. Мұны қалыпты жағдай деп есептейді. Зорлаған жоқ қой, онда тұрған не бар деп ойлайды. Мәселе осындай немқұрайлылықта. Бүгін ол қоғамдық көлікте абайсызда интимдік жерлерге қол тигізіп қалса, ертең қараңғы подъезде балаңыздың іш киімін шешпесіне кім кепіл?Бәтес маған бірден жазды. Ол қорқып, көмек сұрады. Оның жазған хабарламасынан «педофил» сөзін оқығанда, есеңгіреп қалдым, артынша ес жиып, үйде екенімді түсіндім. Жақын жерде болса да автобуста ғой. Мен лифтімен төмен түскенше байланыс жоғалады, ал осы уақыт ішінде әлгі есуас арам ойын іске асыруы мүмкін ғой.Бірден Бәтеске бейнебайланысқа шығып, телефонның дауысын қатты шығарып, мен әлгі адамның түрін көретіндей, камерадан оны көрсетуін сұрадым. Оны түсіріп алып, «МЕНІҢ ҚЫЗЫМНАН ӘРІ ЖҮР! КЕТ! Есуас, мен сені камераға түсіріп тұрмын, тауып аламын. Адамдар, көмектесіңдер! Ол менің балама жабысып жатыр!» деп айғайладым. Ол менің бұл әрекетімнен қорықса керек, бетін жауып алып, бізге «жындымысыңдар?» дегендей қарады. Мен уайымдап, толқығаннан оның не айтқанын толық ести алмай қалдым.Ол Бәтеске бармағанына көзімді толық жеткізгеннен кейін оны күтіп аламын деп жүгіріп шықтым, полицияны да шақырып қойдым.Біздің жетілмеген заңымызда бұл үшін ешқандай шара қарастырылмаған. Егер полиция оны тапса да, оған ештеңе болмайды. Бірақ мен сіздердің әрқайсыларыңыз оның автобустардағы кішкентай қыздарға зиян тигізетінін білгендеріңізді қалаймын. Қыздарыңызды одан қорғаңыздар. Мұны барлығына таратыңыздар. Барлығы осындай есуастың түрін танып біліп жүрсін.Мен автобустағы адамдардан Батеске көмектесулерін сұраған кезде, ешкім тіпті бұрылып та қарамады. Адамдар, сіздерге не болған?!», – деп жазды Қарлығаш Оңғарова өзінің Instagram парақшасында.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 шілде 2022