Гудков: «Путин Қазақстанды қосып, империя құруды ойлады»

Ресейдің әккі саясаткері, Ресей билігіне оппозициялық көзқарас ұстанатын Геннадий Гудков Путиннің Украинаға қатысты ұстанымы мен Ресей империясын құруды аңсайтыны жайлы ашық айтты. Федералдық қауіпсіздік қызметінде болған ол 2014 жылы Украинадағы төңкеріске қатысты Путин ызаға булығып қалғанын айтады. «Ұзақ жылдар бойы Путин Ресей империясын қалпына келтіру керек деп санады. Ол үшін төрт мемлекетті қосу керектігін меңзейтін, олар Ресей, Украина, Беларусь және Қазақстан. Артынша ол Молдова, Армения мен Грузия өз еркімен қосылады деп санады. Алайда Путин Ресей мен Украина арасындағы әріптестік пен одақтастықсыз империяны құру мүмкін емес деп санады. Мысалы Ресей мен Қазақстан арасында одақ болса, алайда ол одаққа Украина кірмесе ол ұзаққа бармайтын еді. Өйткені ортақ тарих, ортақ мәдени кеңестік, ортақ дін деген факторлар бар. Жүздеген жылдар бойы өзара ортақтық болды. Путин Украина Ресей империясының ең маңызды бөлшегі деп санады», — дейді Гудков.
- Соңғы
- Танымал
- Шілде, 04
-
-
- Шілде, 03
-
-
-
- Шілде, 02
-
- Шілде, 01
-
- Маусым, 30
-
-
-
-
-
-
- Маусым, 28
-
- Маусым, 27
-
-
-
- Маусым, 26
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
7 шілде 2025
7 шілде 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар