Алматы-Қаскелең жолының бір бөлігі жабылды

«Алтын Орда» базары маңындағы көпір (Алматы-Қаскелең бағыты) жөндеу жұмыстарына байланысты жабылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап. 2-10 шілде аралығында күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты «Алматы-Қаскелең» бағыты бойынша бас магистральдық эстакаданың бір бөлігі жабылады. «Жолайрықтың сапасына жүргізушілерден бірнеше рет шағым түсті. Мердігер ұйым жөндеу жұмыстарын бастады. Бұл – «Алтын Орда» базары маңының 16-19 шақырымы. Жүргізушілерден маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - делінген хабарламада. Бұған дейін әлеуметтік желіде жүргізушілердің бірі «Алтын Орда» маңындағы жолайрықтың сапасын көрсеткен видеосын жариялаған еді. Бейнежазбадан шұңқыр мен кедір-бұдыр жолды байқауға болады.
- Соңғы
- Шілде, 04
-
-
- Шілде, 03
-
-
-
- Шілде, 02
-
- Шілде, 01
-
- Маусым, 30
-
-
-
-
-
-
- Маусым, 28
-
- Маусым, 27
-
-
-
- Маусым, 26
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
5 шілде 2025
5 шілде 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар