Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жетісулық көпбалалы ана экотуризмді ауылда дамытып жатыр

almaty-akshamy.kz

Жетісулық көпбалалы ана экотуризмді ауылда дамытып жатыр

Бүгінгі күні туризм саласы жақсы дамып келеді. Соның ішінде экотуризм танымал бола бастады, онда адамдар қоршаған ортаны сақтау үшін жайлы қонақүйлерден, автокөліктерден және өркениеттің басқа да артықшылықтарынан бас тартады. Қазақстанның экологиялық туризмін дамытуға үлес қосып жүрген қыз-келіншектер өте көп. Солардың бірі жетісулық Әсем Ауғанбаева, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап. Осыдан бір жыл бұрын 36 жастағы Әсем Ауғанбаева Талдықорған қаласынан 180 шақырым жерде орналасқан Басши ауылынан қонақ үй ашты. «Жолдасым екеуміз ауылдан қонақ үй ашуды бұрынан армандайтынбыз. Алдымызға мақсат қойып едік. Өкінішке орай, екі жыл бұрын күйеуім қайтыс болып кетті», - деді Әсем Ауғанбаева. Кейіпкеріміздің айтуынша, жолдасынан айырылып қалған соң жеке қонақ үй ашу туралы идеясын туыстары мен жақын достары қолдап, көмектескен. «Менің мамандығым - фельдшер. Екі қыз, екі ұл тәрбиелеп отырмын. Үлкенім - 14 жаста. «Кәмелетке толмаған балалары бар жесір әйел кәсіпкерлікпен айналыса алмайды» дегендер де болды. Бірақ мен балаларымды өсіріп, ер жеткіземін. Экотуризмі дамытуға өз үлесімді қосамын. Балаларым маған үлкен қолдау көрсетуде. Сол маған күш- жігер береді, алға қарай жетелейді», - дейді ол. 2021 жылы Әсем ауыл кәсіпкерлеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар маңында өз ісін ашу және дамыту үшін қаржыландыруды қарастыратын «Эко Даму» несие бағдарламасы туралы білді. Айта кетейік, Қазақстанда жобаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (БҰҰДБ) жүзеге асырады. «9 млн теңге несие алып, екі киіз үй, қажетті жиһаздар, ыдыс-аяқ пен тұрмыстық техника сатып алдым. Жалдамалы үйдің ауласына киіз үй тігуге көмектескен туған-туыстарым мен қамқор жандардың қолдауының арқасында мен бизнесімді бастадым», – дейді кейіпкеріміз. Әсемнің ұлттық нақыштағы қонақ үйі «Алтын-Емел» ұлттық паркінің жанында орналасқан. «Киіз үйді таңдағанда, ең алдымен, олардың экологиялық тазалығына мән бердім. Таза ағаштан жасалған. Ішін ұлттық нақышта безендірдік. Ыдыстарды шеберге тапсырыс беріп арнайы жасаттым. Олардың барлығы экологиялық таза материалдан жасалған, қоршаған ортаға зияны жоқ», - деп бөлісті Әсем. Кәсібін жаңа бастаған Әсемнің айтуынша, туристерге барлық жағдай жасалған. «Демалушылардың басым бөлігі Алматы, Талдықорған және жақын маңдағы елді мекендердің тұрғыны. Сонымен қатар Германия, Түркия және Украинадан келген туристер де қазақ мәдениетіне ерекше қызығушылық танытып жатыр. Қонақтарыма қазақтың нағыз қонақжайлығын көрсетемін. Алдағы уақытта ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуды жлоспарлап отырмын, - деп түйіндеді әңгімесін кейіпкеріміз.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024