Қазақстандағы inDriver бизнесін дамыту бойынша маман Степан Олесов: inDriver жобасына қазақ тілін енгізді

Қызметтердің белсенді цифрлануы такси қызметін бұрынғыдан да қолжетімді ете түсті. Қазір Қазақстанда бірнеше онлайн такси жобасы пайдаланылады. Нарыққа ерте кіріккендердің бірі – inDriver компаниясы. Қазақстандағы inDriver бизнесін дамыту бойынша маман Степан Олесов еліміздегі заманауи такси нарығы, клиент шағымдары, жүргізушілерге қойылатын талаптар және басқа да өзекті мәселелер туралы айтып, kursiv тілшісіне сұхбат берген еді. – inDriver стартапы Қазақстан нарығына бейімделе алды ма? Қандай жаңашылдықтар енгізіліп жатыр? – 2014 жылы inDriver стартапы Қазақстанға, содан кейін өзге де көршілес елдерге сәтті тарала бастады. Жобамыз әлемнің 45 еліндегі 645 қалада жұмыс істеп тұр. Жеткілікті тәжірибесі, жаңа мүмкіндіктері мен ресурстары бар неғұрлым жетілген компания бола отырып, біз жаңа стратегияны қабылдадық, яғни егжей-тегжейлі пысықтауға, сервисті жақсартуға және неғұрлым терең бейімделуге басымдық беріп отырмыз. Ең алдымен, біз қазақ тілін қостық және қолданушыларымыздан лезде мақұлдау жауабын алдық. Мен қосымшаны тез бейімдегім келді, бұл мақтануға тұрарлық жағдай деп ойлаймын. Енді сапар барысында мен жүргізушілерімізден дәл осы қазақша нұсқаның қолданылуын байқаймын, кейде тіпті жүргізушілер де кей сөздерді қалай жақсы аудару керектігін айтады. Жалпы, біз қосымшанының жұмысын бәріміз бірге жақсартамыз. – Қосымшада таксиден басқа қандай қызметтер бар? – Қосымша үнемі жақсарып, дамып келеді және бұл көбіне қазақстандық пайдаланушылардың арқасында дер едім. Күн сайын біз гипотезалар жасап, бүкіл әлем бойынша жаңа функционалды тестілейміз және тәжірибе көрсеткендей, жаһандық жаңару алдында біз бақылау фидбегін дәл осы аймақта – Қазақстанда аламыз. Комфорт класс, жүк тасымалы, курьерлік қызметтер, шеберлер және басқа да көптеген шешуші тестілеулер Қазақстанда өтті. Мұнда пайдаланушылар инновацияларға ашық, пайдалы және сындарлы кері байланысқа шыға алады. Біз күн сайын мыңдаған кеңестер мен ұсыныстар аламыз. Сөз жоқ, мұндай қолдау біз үшін өте пайдалы. Мысалы, «Шебер» таңдалымында қызметтердің бірнеше санаты бар: сантехника, құрылыс, автокөмек және тағы басқалар. «Шебер» санатында танымал қызмет ретінде (сұраныстардың шамамен 30%) «Автокөмек» танылды, және пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін біз «Автоқызметті» жеке санатқа шығаруды шештік, бұл қызмет арқылы сіз автокөлікті жөндеу шеберін таба аласыз. Әзірге бұл функция сынақ режимінде және тек Қазақстанда жұмыс істейді. Түпкілікті нәтижеге қарап, оны басқа елдерде одан әрі дамыту туралы шешім қабылдаймыз. – Соңғы кезде әлеуметтік желіде жолаушылар қауіпсіздігі тақырыбы қызу талқылануда. Айтыңызшы, осы мәселе бойынша жүргізушілерге қандай талаптар қойылады? – Жүргізуші болу және тапсырыстарды орындауға қол жеткізу үшін үміткер біздің жұмыс өтілі мен жасына байланысты талаптарға сай болуы керек. Автокөлікті иелену және басқару құқығына құжаттарымен тексеруден өтуі керек. Сонымен қатар, автомобильге қойылатын талаптар бар: көліктің шығарылған жылы, техникалық жағдайы және қызмет көрсету санатына байланысты тағы бірнеше тармақ. Пайдаланушылардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету – басым міндет. Біз макроөңірлердің ерекшеліктеріне байланысты озық тәсілдер мен технологияларды енгіземіз. Мысалы, Латын Америкасында жүргізушіге тапсырыстар алуға кеңес берілмейтін орындар бар, қосымша фавеллаларға (криминогендік ахуалдың жоғары аймақтары) баруды автоматты түрде шектейді. Онда жолаушыларға да жүргізушілерге сияқты верификация талабы қойылады, бұл полицияға кез-келген оқиғаның барлық қатысушыларының нақты тұлғаларын тез анықтауға мүмкіндік береді. Қазақстанда өзге қиындықтар ұшырасады. Мысалы, біз фотобақылау бойынша тексеруді жиілеттік. Әрбір жүргізуші мерзім сайын сәйкестендірудің белгілі бір рәсімінен өтуі міндетті. Біздің қолдау қызметіміз тәулік бойы барлық өтініштерді өңдейді, санаттарға бөледі және «Қауіпсіздікті қамтамасыз ету» белгісімен ерекшелеп, осы міндеттерді атқару жұмысына басымдық береді. – Жүргізушілердің жұмысын қалай бақылайсыздар? Қызметтің сапасын қалай анықтайсыздар? – inDriver ақпараттық платформа ретінде пайдаланушылар арасындағы ақпарат алмасудың сапасына, сондай-ақ платформада Қазақстан Республикасының заңдары мен inDriver платформасының ережелерін сақтауға кепілдік береді. Бұл – жеке деректерді қорғау, таспаның тұрақты модерациясы, профильдің тіркеу деректерінің сәйкестігі және тағы басқа мәліметтер. Өкінішке қарай, біліксіздіктен немесе немқұрайлықтан кейбір жүргізушілер ережелерді бұзады. Ондай жағдайда біз шотты бұғаттаймыз немесе тәртіп бұзушы туралы ақпаратты полицияға хабарлауға мәжбүр боламыз. – Сіздің клиенттеріңіз әдетте қандай мәселелерге байланысты шағымданады? – Өтініштердің басым көпшілігі тұрмыстық мәселелер: жүргізуші жолаушыны ұзақ күтті, жойылған тапсырыстар деген сияқты. Сондай-ақ қосымша қызметіне қатысты да шағымдар жолданады: дәл емес геолокация, интерфейспен қиындықтар және басқалары. Аз мөлшерде болса да ТЖ санатындағы шағымдар бар: ЖКО, жолдағы көліктің бұзылуы және өзге де жағдайлар. Әрбір өтініш тіркеледі және жедел режимде өңделеді. Біздің қолдау қызметіміз тәулік бойы жұмыс істейді. – Қазақстандағы заманауи такси нарығын қалай бағалайсыз? – Қазір бәсекелестік өте жоғары, әсіресе ірі қалаларда. Мен мынадай мысал келтірейін: өткен жылы Қазақстанда Қытайдан ірі агрегатор іске қосылды, бірақ ол бәсекелестік күресте айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізе алмады және нарықтан кетуге мәжбүр болды. Дегенмен оның ұзақ та ауыр күрес үшін қаржы ресурстары жеткілікті болды. Бәсекенің болғаны жақсы, өйткені сондай күрестің арқасында ғана пайдаланушы жоғары деңгейлі қызметке қол жеткізеді. Сондықтан біз күн сайын емес, әр сағат сайын дамуға «мәжбүрміз».
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
8 мамыр 2025
8 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар