Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Путин Украинадан кейін Қазақстанға көз тіге ме?

kznews.kz

Путин Украинадан кейін Қазақстанға көз тіге ме?

Батыс басылымдары бұл аптада Мәскеудің Ресей аумағы арқылы қазақ мұнайының экспортын бірнеше мәрте тоқтатуы неліктен Пекинге ұнамай қалғанын талдайды. Сонымен қатар Кремль Украинадан кейін Қазақстанды нысанаға алуы мүмкін бе деген мәселеге үңіледі. Одан бөлек Нұр-Сұлтан мен Мәскеудің қарым-қатынасы шын мәнінде өзгерді ме деген сұраққа жауап іздейді. Бұл туралы kznews.kz сайты azattyq порталына сілтеме жасап хабарлайды. «ПЕКИННІҢ ҚАЗАҚ МҰНАЙЫНЫҢ ЭКСПОРТЫН ТОҚТАТҚАН МӘСКЕУДІ ЖАЗҒЫРУЫ» «Мәскеудің Каспий құбыр консорциумының жұмысын тоқтату арқылы қазақ мұнайының экспортына бірнеше мәрте тосқауыл қоюы Пекинге ұнамай қалған. Қытай үкіметі Ресейдің қазақ мұнайының экспортына бұлайша араласқанын құп көрмейтінін білдіріп, Мәскеуді үнсіз жазғырды». АҚШ-тағы Atlantic Council зерттеу инситутының аға ғылыми қызметкері Джо Уэбстер мен сол институттың Еуропаның энергетика қауіпсіздігі бағдарламасы директорының көмекшісі Пэдди Райан Eurasianet сайтындағы мақалада осындай ой айтады. Авторлардың жазуынша, қазақ мұнайы Ресей аумағы арқылы өтетін құбырмен экспортталатындықтан, Мәскеудің қолында ықпал ету тетігі бар. 22 наурыз күні Ресей билігі Новороссийск түбіндегі теңіз портында мұнай тасымалдайтын екі қондырғы дауылдың кесірінен істен шыққанын мәлімдеді. Ол тек мамырдың соңында алпына келді. 6 шілде күні Ресей соты «экология ережелерін бұзды» деген себеппен құбыр жұмысын 30 күнге тоқтатты. Кейін апелляциялық сот шешімді өзгертіп, Каспий құбыр желісі консорциумына айыппұл салды. Сарапшылар құбыр жұмысын тоқатқан екі кезде де мұнай бағасы өскеніне назар аударады. «Қытай компаниялары − Қазақстанның мұнай-газ саласының маңызды ойыншылары. Қытайға қазақ мұнайының аздаған бөлігі тасымалданса да, Қытай [қазақ мұнайының] әлемдік нарыққа шығуына мүдделі. Онсыз мұнай бағасы өсіп, тауарларға әлемдегі тұтынушылар сұранысы төмендейді, осылайша экспортқа бағытталған Қытай экономикасы зардап шегеді». Авторлардың пайымдауынша, Пекин Мәскеумен қарым-қатынасын жария түрде үзгісі келмейді, сол себепті мұнайдың әлемдік нарығына араласып жатқан Мәскеуге жұқалап қана ескерту жасаған. Каспий құбыр консорциуымының жұмысын тоқтатқан үш күннен кейін Қытайдың Sinopec компаниясы Ресейге ірі инвестициясын салуды тоқтата тұрды. Bloomberg агенттігінің жазуынша, сол күні Қытай компаниялары мен шенеуніктері Ресейге қарсы Батыстың санкцияларын қалай сақтау керектігін білуге «асықты», ал Қытайдың сыртқы істер министрлігі мемлекеттік энергетикалық компанияларға жанама санкция қаупін тудыруы мүмкін сатып алудан аулақ болуға шақырды. Қытай COVID-пен байланысты шектеулермен бетпе-бет келген тұста экономикалық құлдырауды бастан өткергісі келмейді. Сол себепті Ресейдің Каспий құбыр консорциумы желісі арқылы мұнай экспортын шектеуі Коммунистік партия съезінде үшінші мерзімге сайланғысы келетін Си Цзиньпиннің жоспарына әсер етуі мүмкін. Авторлардың тұжырымынша, Қытай мен Батыс арасында келіспеушіліктер болса да, екі тарап қазақ мұнайы экспортының тоқтамауына мүдделі екенін түсінуі керек. ПУТИН УКРАИНАДАН КЕЙІН ҚАЗАҚСТАНДЫ НЫСАНАҒА АЛА МА? Сарапшы Пол Гобл АҚШ-тағы Jamestown қорының сайтында Путин Украинадан кейін Қазақстанды нысанаға алуы мүмкін бе деген сұраққа жауап іздейді. Гоблдың талдауынша, Мәскеу мен Нұр-Сұлтанның шиеленісі шарықтау шегіне жетті. Ал Ресейдің бұрынғы президенті, қазір Қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары Дмитрий Медведевтің «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланған «Қазақстан – жасанды мемлекет» және «Ресейдің бұрынғы жері» деген жазба екі елдің қарым-қатынасын тіпті ушықтырды. Жазба ізінше ғайып болып, Медведевтің парақшасын әлдебіреулер бұзғаны хабарланды. Дей тұрғанмен Ресейдегі комментаторлар бұл пост Кремльдегі көпшілік пен Медведевтің ұстанымын көрсетеді деген пікір білдірді. Сарапшының жазуынша, Кремльге жақын сарапшылар Қазақстан Путин нысанаға алатын келесі елге айналады деп есептейді. Гоблдың пайымдауынша, Ресейді Қазақстанға басып кіруге үш фактор итермелеуі мүмкін. Біріншіден, Мәскеудің ойынша, Қазақстан тура Украинаның жолымен келе жатыр, Ресейдегі комментаторлар екі ел де Батыс ықпалына ұшырады, сондықтан бұған қарсы тұру керек деп санайды. «Екіншіден, Қазақстан Ресейден алыстай берсе, Мәскеу «Орталық Азиядағы ықпалдан айырылып жатырмыз, Қытай мен Батыс ықпалы күшейеді» дегенге сене бастайды деген қауіп бар. Ресей бұлардың қайсысынан осал түссе де, бұл Кремльдің позициясын әлсіретеді». «Үшіншіден, Ресей іс-қимылға бармаса, Қазақстан Орталық Азиядағы өзге елдерге ұқсап кетіп, ислам экспансиясының Ресейге тарауына жол ашатын көпірге айналуы мүмкін деген пікір бар». Дегенмен Гобл Ресейдің Қазақстанға басып кіруі екіталай екенін айқындайтын үш себепті тізіп шығады. Біріншіден, Ресейдің әскери күштері қазір Украинада жүр, қақтығыс ушығатын болса әлі де біршама уақыт сол елде жүрмек. «Сондықтан Қазақстан тәрізді елге қарсы соғыс ашуға Кремльдің ресурсы жетпейді». Екіншіден, Қазақстанда этникалық орыстардың саны азайып жатыр. Қазір Қазақстан халқының 18 пайызы этникалық орыстар болса, 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 10 пайызға түседі деген болжам бар. «Сондықтан орыс халқы аз тұратын Қазақстанды қосып алса, бұл Ресейді Путин арманғандай орысшыл ете түспейді». Гоблдың талдауынша, Мәскеу мен Нұр-Сұлтанның шиеленісі шарықтау шегіне жетті. Ал Ресейдің бұрынғы президенті, қазір Қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары Дмитрий Медведевтің «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланған «Қазақстан – жасанды мемлекет» және «Ресейдің бұрынғы жері» деген жазба екі елдің қарым-қатынасын тіпті ушықтырды. Жазба ізінше ғайып болып, Медведевтің парақшасын әлдебіреулер бұзғаны хабарланды. Дей тұрғанмен Ресейдегі комментаторлар бұл пост Кремльдегі көпшілік пен Медведевтің ұстанымын көрсетеді деген пікір білдірді. Сарапшының жазуынша, Кремльге жақын сарапшылар Қазақстан Путин нысанаға алатын келесі елге айналады деп есептейді. Гоблдың пайымдауынша, Ресейді Қазақстанға басып кіруге үш фактор итермелеуі мүмкін. Біріншіден, Мәскеудің ойынша, Қазақстан тура Украинаның жолымен келе жатыр, Ресейдегі комментаторлар екі ел де Батыс ықпалына ұшырады, сондықтан бұған қарсы тұру керек деп санайды. «Екіншіден, Қазақстан Ресейден алыстай берсе, Мәскеу «Орталық Азиядағы ықпалдан айырылып жатырмыз, Қытай мен Батыс ықпалы күшейеді» дегенге сене бастайды деген қауіп бар. Ресей бұлардың қайсысынан осал түссе де, бұл Кремльдің позициясын әлсіретеді». «Үшіншіден, Ресей іс-қимылға бармаса, Қазақстан Орталық Азиядағы өзге елдерге ұқсап кетіп, ислам экспансиясының Ресейге тарауына жол ашатын көпірге айналуы мүмкін деген пікір бар». Дегенмен Гобл Ресейдің Қазақстанға басып кіруі екіталай екенін айқындайтын үш себепті тізіп шығады. Біріншіден, Ресейдің әскери күштері қазір Украинада жүр, қақтығыс ушығатын болса әлі де біршама уақыт сол елде жүрмек. «Сондықтан Қазақстан тәрізді елге қарсы соғыс ашуға Кремльдің ресурсы жетпейді». Екіншіден, Қазақстанда этникалық орыстардың саны азайып жатыр. Қазір Қазақстан халқының 18 пайызы этникалық орыстар болса, 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 10 пайызға түседі деген болжам бар. «Сондықтан орыс халқы аз тұратын Қазақстанды қосып алса, бұл Ресейді Путин арманғандай орысшыл ете түспейді».
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024