Щучьедегі футбол алаңында 10 жасар баланың жарақаттануына қатысты қылмыстық іс қозғалды

inform.kz

Щучьедегі футбол алаңында 10 жасар баланың жарақаттануына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 тамызда сағат 17:00 шамасында Щучье қаласында орналасқан футбол алаңдарының бірінде 9 жасар бала жарақат алғандығы туралы ақпарат түскен.

«Бала Щучье қаласында үйінің ауласындағы футбол алаңында ойнап жүрген кезінде жарақат алған. Оның бетіне, яғни көз тұсына қоршаудың үшкір темірі шаншылып қадалған. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 278-бабының бірінші бөлігі «сапасыз құрылыс» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Тергеу амалдары барысында белгілі болғандай, аталған футбол алаңы Бурабай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің балансында болған. Қазіргі уақытта бірқатар сот сараптамалары тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде», - деді ведомстводан.

Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі кезде баланың жағдайын тұрақты. Оның бетіне ота жасалып, бөгде зат алынды.

«Баланың бетіне қадалған үшкір темірді алу барысында көзі мен миына және үлкен қан тамырларына зақым келген жоқ. Жақ-бет хирургі Д. Федоров, ЛОР-дәрігер Г.Жүнісова және нейрохирург Н.Ысқақов сияқты дәрігерлер кәсіби шеберлік танытты», - деді Ақмола облыстық көпсалалы балалар ауруханасының бас дәрігері Серікжан Сабырәлиев.

Айта кетсек, Ақмола облысында бір үйдің екі баласы түтінге тұншығып қалған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
30 қыркүйек 2022