Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентін ТМД Саммитіне шақырды

inform.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентін ТМД Саммитіне шақырды

«Шынында да, Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестіктегі қарым-қатынасы бар. Биыл біз 30 жыл бұрын орнатылған дипломатиялық қатынастарымыздың үлкен мерейтойын атап өтеміз. 30 жыл бұрын достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы алғашқы келісімге қол қойылды. 2013 жылы бұл келісім екі ел арасындағы одақтастық қарым-қатынастар туралы сізбен бірге қол қойған жаңа құжатпен толықты. Сондықтан мұның негізі өте жақсы», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу барысында. «Сауда-экономикалық ынтымақтастыққа келсек, ол да табысты дамып келеді. Өнеркәсіптік кооперация елеулі нәтижелерге қол жеткізуде. Сіз атап өткендей, оң сауда динамикасы байқалып отыр», - деді Мемлекет басшысы. Өткен жылы екі ел арасындағы сауда көлемі 24,5 млрд долларды құраған. Қазақстан Президенті атап өткендей, Ресей Қазақстанның тауар айналымында бірінші орын алады. Биыл да сауда айтарлықтай табысты дамып келеді. «Біз БҰҰ-дағы, басқа да халықаралық институттардағы негізгі алаңдарда белсенді өзара іс-қимыл жасаймыз. Биыл Қазақстан ТМД-ға төрағалық етеді. Қазан айында Тәуелсіз мемлекеттер достастығының саммиті өтеді. Оған сіздің келетініңізге үміттенеміз. Оның үстіне Ресей Тәуелсіз мемлекеттер достастығында маңызды рөл атқарады. Бұл шын мәнінде біздің халықаралық форматтағы өзара ынтымақтастығымыздың басым бағыттарының бірі», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Сочи қаласына барғаны хабарланған болатын.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 сәуір 2024