Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қызылордада оқушылар егін өнімділігін бақылау технологиясын ойлап тапты

inform.kz

Қызылордада оқушылар егін өнімділігін бақылау технологиясын ойлап тапты

Қызылорда қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушылары Еңлік Мұратбек пен Назгүл Ыдырыс егін алқаптарының өнімділігін бақылау және өнім көлемін болжау технологиясын ойлап тапты. Бұл автоматты жүйе егіншілердің жұмысын оңтайландырып, өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. «Автоматты қондырғымыз топырақ пен ауа температурасын анықтап, судың мөлшері бойынша ақпарат жинауға мүмкіндік береді. Бұл мәліметтерді радио арқылы қабылдағышқа жеткізіп, ауыл шаруашылық саласын жандандыруға септігін тигізеді», - дейді жоба жетекшісі, информатика пәнінің мұғалімі Әділжан Науан. Сондай-ақ, аталған мектептің 10-сынып оқушылары Сания Мұратова мен Жансая Өтепбергенова егін алқаптарын суаруда автоматтандырылған жүйені қосуды ұсынады. Олар жасаған агроплатформа егіс алқаптарын оңтайлы суару мәселесін шешеді және ең бастысы су ресурстарын үнемдейді. Еске салсақ, бұдан бұрын семейлік оқушы ауыз су мәселесін шешудің тиімді тәсілін ойлап тапты.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
21 қыркүйек 2024