ШҚО-да балаларға мемлекеттік тілді үйрету үшін тіл лагерьлері ашылмақ

Бұл туралы ШҚО әкімдігінің отырысында айтылды. «Бүгінде тіл саясаты мәселесі өзекті. Ауызекі қазақ тілін үйретуге ерекше назар аудару қажет. Ол үшін әлемдік тәжірибені пайдалана отырып, қалада оқитын балаларды жазда ауылдардағы қазақ отбасыларына жіберіп, тілдік ортаға енгізген жөн. Яғни, тіл лагерьлерін ашуымыз керек. Ал әртүрлі этностардың өз ана тілдерін үйренуі үшін бізде барлық жағдай жасалғанын атап өткім келеді», - деді аймақ басшысы Даниал Ахметов. Сондай-ақ жиналыста білім саласын цифрландыру мәселесі талқыланды. Өңірдің барлық мектебінде IT және робототехника сыныптары жұмыс істеп тұр. «Білім беру мекемелері бейнебақылау жүйелерімен және дабыл түймелерімен толықтай жабдықталған. Digital East қосымшасы арқылы ата-аналар да бақылау жасай алатын бағдарлама енгізілуде. Бұдан бөлек, оқушыларымызды цифрлық оқыту әлемдік үрдістер мен стандарттарға сай болуы үшін де арнайы бағдарлама әзірлеумен айналысатын жұмыс тобы құрылады», - деді облыс әкімі.
- Соңғы
- Шілде, 04
-
-
- Шілде, 03
-
-
-
- Шілде, 02
-
- Шілде, 01
-
- Маусым, 30
-
-
-
-
-
-
- Маусым, 28
-
- Маусым, 27
-
-
-
- Маусым, 26
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
5 шілде 2025
5 шілде 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар