Өзбекстанның Бұхара қаласында Нүкіс оқиғасына байланысты айыпталған 22 адамның соты басталады

azattyq.org

Өзбекстанның Бұхара қаласында Нүкіс оқиғасына байланысты айыпталған 22 адамның соты басталады

Дүйсенбі, 28 қарашада Өзбекстаның Бұхара қаласында биыл шілденің бірі мен екісінде Нүкіс қаласында болған оқиғаға байланысты қозғалған қылмыстық істер бойынша ашық сот басталады. "Бұл іс бойынша барлығы 22 адамға айып тағылған" деп хабарлады Өзбекстан Жоғарғы сотының баспасөз хатшысы Әзиз Әбидов.Қылмыстық істі Қарақалпақ республикасының қылмыстық істер бойынша сот алқасының төрағасы Е. Әбибуллаев бастаған сот қарайды.Нүкіс оқиғасын зерттеген парламентттік комиссия сұрауымен Өзбекстан бас прокуратурасы айып тағылған тағы да 107 адамды "гуманизм принципімен" бостандыққа шығарған.Өзбекстанның құқық қорғау органдарынан қашып келген қарақалпақ белсенділерін қыркүйек-қазан айында Қазақстан құқық қорғау органдары ұстаған. Бүгінге дейін қамауға алынған төрт белсендінің аты мәлім, олар: Зиуар Мирманбетова, Раиса Құдайбергенова, Жангелді Жақсымбетов, Қошқарбай Төремұратыо және Тілеубике Юлдашева.Биыл шілденің басында болған Нүкіс оқиғасы кезінде кемі 21 адам өлген, оның төртеуі құқық қорғау органдарының қызметкерлері. 270-тен аса адам жараланған.Нүкіс оқиғасы Өзбекстан билігінің конституцияға өзгеріс енгізу жөнінде бастамасына байланысты туған. Жаңа өзгерісте Қарақалпақстанның егемендік статусы мен Өзбекстан құрамынан шығу құқығы жойылатыны көрсетілген. Жаппай толқудан кейін Ташкент бұл ұсынысынан бас тартқан.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
7 ақпан 2023