Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Орталық сайлау комиссиясы сенат депутаттарын сайлау графигін бекітті

azattyq.org

Орталық сайлау комиссиясы сенат депутаттарын сайлау графигін бекітті

Орталық сайлау комиссиясы 2023 жылдың 14 қаңтарына белгіленген парламент сенатының депутаттарын сайлау графигін бекітті. Кандидаттар 29 қарашадан бастап ұсынылады, 14 желтоқсанға дейін жалғасады. Бұл жөнінде ОСК төррағасының орынбасары Константин Петров хабарлады.ОСК ақпаратына қарағанда, сенат депутаттарын облыстық сайлау комиссиялары мен республикалық маңызы бар қалалалардың сайлау комиссиялары тіркейді. Сенат депутаттығына кандидатты қала мәслихаты ұсынады және үміткер өз-өзін ұсына алады.Депутаттыққа кандидат табысы мен мүлкі туралы декларациясын көрсетіп, 900 мың теңге сайлау жарнасын төлеуге тиіс.Кандидаттар 29 қараша - 14 желтоқсан аралығында ұсынылады;Кандидаттар 29 қараша - 24 желтоқсан арылығында тіркеледі;Сайлау алдындағы үгіт-насихат 24 желтоқсаннан 13 қаңтарға дейін жалғасады;13 қаңтар – тыныштық күні14 қаңтар – дауыс беру күніСайлау қорытындысы 20 қаңтарға дейін шығадыОрталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петровтың сөзінше, сайлаушылардың 50 пайызы дауыс беруге қатысса "сайлау өтті" деп есептеледі. Сайлауға келген сайлаушылардың 50 пайыздан астамының дауысын алған кандидат "сайланған" болып есептеледі..Парламент сенатының сайлауы 2023 жылдың 14 қаңтарында өтеді. Бұл жөнінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев инаугурациядағы сөзінде айтқан.Конституция бойынша, сенатқа әр облыстан және республикалық маңызы бар қала мен Астанадан екі депутаттан сайланады, он депутаттты Қазақстан президенті тағайындайды. Қазақстанда қазір 17 облыс, республикалық маңызда Алматы және Шымкент қалалары және Астана бар. Сенатта барлығы 50 депутат болуға тиіс.Қазақстанда кейінгі 10 жыл тұрған, жасы 30-дан асқа, жоғары білімді, сотталмаған және кем дегенде 5 жыл еңбек өтілі бар адам сенат депутаттығына кандидат бола алады.Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылдың маусым айында парламент мәжілісі мен жергілікті мәслихаттары депутаттарын сайланатынын мәлімдеген.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024

Басқа жаңалықтар

Басқа жаңалықтар