Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Өкілдіктің жаңаруы аймақтық элитаның жаңаруына әкеледі - саясаттанушы

baq.kz

 Өкілдіктің жаңаруы аймақтық элитаның жаңаруына әкеледі - саясаттанушы

Бұл болжанған, бәрі күткен сайлау болды. Өзім қоғамда 2019 жылдан бері келе жатқан реформаның жүзеге асырылуының нәтижесі деп білемін. 2022 жылы маусымда референдум өткізіп, Конституцияны өзгерттік. Міне, осының бәрі бірнеше жыл бойы қоғамда қызу талқыланып келе жатқан талаптың орындалуының нәтижесінде жүзеге асып отыр. Әсіресе таза партия атынан сайланатын жүйеге келген соң аралас сайлау жүйесін қостық,-деді ол. Сондай-ақ саяси сахнада орын алып жатқан бұл өзгерістер саясаткерлер арасында бәсекелестіктің жоғары болуына септігін тигізеді деді. Одан соң қарашада Президенттік институтты толығымен жаңарттық. Оның қайта рәсімделіп, қайтадан жаңа талаптарға сай қалыптасуына жағдай жасап, енді өкілдік органды жаңартамыз. Бұл ең алдымен жаңа адамдардың келуі, әсіресе аймақтардағы элитаның жаңаруына әкеледі. Облыстың мәслихаты 50%, аудандық мәслихаттың 100%-ы өзін-өзі ұсыну арқылы сайланады. Бұл адамның жеке саясаткер ретінде бәсекелес болып саяси сахнада орын алуына септігін тигізеді,-деп атап өтті.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024