Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда апат салдарынан тұрғындар сусыз қалды

baq.kz

 Алматыда апат салдарынан тұрғындар сусыз қалды

«Алматы су» МКК мәліметінше, Назарбаев даңғылы бойымен өтетін құбырдағы апатты қалпына келтіру жұмыстарына 8 бірлік техника мен екі бригада жұмылдырылды. «Осыған байланысты Назарбаев даңғылының бойында Сәтбаев көшесінен Гоголь көшесіне дейін орналасқан тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға су беру тоқтатылды»,-деп хабарлады деп хабарлады «Алматы су» МКК баспасөз қызметі. Алдын ала мәліметтер бойынша, апатқа құбырдың тозуы себеп болған. Ол осыдан елу жыл бұрын пайдалануға берілген. «Бұған дейін хабарланғандай, Алматы қаласы бойынша сумен жабдықтау желілерінің 54,2 пайызы тозған. Инженерлік желілерді қайта жаңғыртуды жеделдету мақсатында сумен жабдықтау және су бұру саласында жаңа тарифтік саясатты енгізу жоспарлануда»,-деп атап өтті «Алматы су» компаниясынан.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024