Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Министрлік Сарышағанда зенит ракетасы бөлімшелерінің ұрыс атыстары өткенін хабарлады

azattyq.org

Министрлік Сарышағанда зенит ракетасы бөлімшелерінің ұрыс атыстары өткенін хабарлады

Қазақстан қорғаныс министрлігі 2 ақпанда Ресей жалға алған Сарышаған полигонында әуе қорғаныс күштерінің зенит ракетасы бөлімшелері ұрыс атысы қимылдарын өткізгенін хабарлады.Жаттығудың негізгі мақсаты "жеке құрамның әскери және азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасалған әуе шабуылдарына тойтарыс беру дайындығын тексеру" деп айтылады.Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, "қолданыстағы қазіргі заманғы зенит ракетасы кешендері цифрлық радиолокациялық станциялармен жабдықталған". Министрліктің хабарламасында ракета кешенінің аты аталмайды. Алайда хабарламадан ресейлік "Бук" кешені сыналып жатқаны байқалады.Ақпаратқа қарағанда, радиолокациялық барлау қызметі "ұшақ және ракетатектес" дрондарды анықтағаннан кейін жауынгерлер дайын емес позицияларға жылжыған. "Кешендер өрістетіліп, шартты қарсыластың құралдары жойылған"."Заманауи зенит ракетасы кешендерінің көмегімен біз нақты уақыт режимінде ұрыс ахуалын модельге түсірдік. Ал жеке құрам бір мезгілде шағынөлшемді, төмен ұшатын бірнеше әуе нысанын табу, оларға ілесіп ұшу және жоюға арналған іс-қимылдарды пысықтады" деді әуе шабуылына қарсы қорғаныс құрамасының командирі, полковник Берік Молдақұлов.2014 жылы Астана Мәскеумен әуе шабуылынан қорғайтын бірыңғай жүйені құру туралы келісімді ратификациялаған.Ресей Қарағанды облысындағы Сарышаған полигонының бір бөлігін 1996 жылы Қазақстанмен жасалған келісім бойынша жалға алған. Полигонның қалған бөлігін Қазақстан пайдаланады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
22 шілде 2024