13 облыста су тасқыны қаупі жоғары

«Алдын ала болжамға сәйкес наурыз айында республиканың басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормаға жақын болады. Батыс өңірлерде 1°С нормадан жоғары, ал елдің солтүстік-шығыс, орталығында және оңтүстік аймақтардың солтүстігінде 1°С нормадан төмен. Наурыз айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормадан төмен, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында, Ақмола, Павлодар, Абай облысының басым бөлігінде, Қостанай облысының солтүстік-шығысында, Алматы облысының оңтүстік-шығысында, Жетісу аумақтарында нормаға жуық болжанады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. Вице-министрдің айтуынша, қардағы су қорының мөлшерін, топырақтың күзгі ылғалдылығын, топырақтың қату тереңдігін қарастыра отырып, су тасқыны қауіпті аймақтарға алдын-ала баға берілді. «Жоғары қауіп: Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Абай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан облыстары. Орташа қауіп: Павлодар, Ұлытау, Маңғыстау және Қызылорда облыстары», - деді Ғалидолла Азидуллин.
- Соңғы
- Шілде, 04
-
-
- Шілде, 03
-
-
-
- Шілде, 02
-
- Шілде, 01
-
- Маусым, 30
-
-
-
-
-
-
- Маусым, 28
-
- Маусым, 27
-
-
-
- Маусым, 26
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
5 шілде 2025
5 шілде 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар