Волонтерлер Түркияда зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинай бастады

Ұлттық волонтерлер желісі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің үйлестіруімен Түркия Республикасында жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау іс-шарасы басталғанын хабарлайды,-Almaty-akshamy.kz. Гуманитарлық көмек Ұлттық волонтерлер желісіне (Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 11/5, 5 қабат, 505 кабинет) жиналады.Сондай-ақ гуманитарлық көмек республикалық маңызы бар барлық қалалар мен облыс орталықтарындағы «Birgemiz» өңірлік волонтерлер фронт-офистерінің кеңселерінде ұйымдастырылып, Ұлттық волонтерлік желісі арқылы Қазақстан Республикасындағы Түркия елшілігіне тапсырылады.ҚАЖЕТТІ ЗАТТАР:- Көрпелер, ұйықтауға арналған қаптар.- Термос, қол шамы, пауэрбанк.- Памперстер, жеке гигиена құралдары (гигиеналық төсемдер).- Қысқы киім (ересектер мен балаларға, заттар жаңа болуы керек), пальто-курткалар, жаңбырға арналған жамылғы, етік, жемпір, шалбар, қолғап, шарф, қалпақ, шұлық, іш киім және басқа материалдар.Сондай ақ қаржылай көмек мына реквизиттер арқылы қабылданады:Заңды тұлғалар үшін:«Қазақстан Халық Банкі» АҚ«Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТББСН 120940015916БИК: HSBKKZKXР/С: KZ23601A871001005521Жеке тұлғалар үшін:Kaspi.kz қосымшасында - Төлемдер - Қайырымдылық бөлімінде: «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек.Барлық сұрақтар бойынша «Birgemiz» республикалық волонтерлер фронт-офисінің ақпараттық орталығына хабарласуға болады: +7 708 706 4242, Қабанбай батыр көшесі 11/5, 505 кеңсе.
- Соңғы
- Танымал
- Шілде, 04
-
-
- Шілде, 03
-
-
-
- Шілде, 02
-
- Шілде, 01
-
- Маусым, 30
-
-
-
-
-
-
- Маусым, 28
-
- Маусым, 27
-
-
-
- Маусым, 26
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
7 шілде 2025
7 шілде 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар