Қазақстанда парламент мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау басталды

Бүгін Қазақстан азаматтары мәжіліс пен жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлап жатыр. Елдің көп бөлігіндегі сайлау учаскелерінде дауыс беру Астана уақытымен таңертең сағат 7.00-де басталды. Орталық сайлау учаскесінің дерегінше, ел аумағындағы 8272 сайлау учаскесі мен Қазақстанның 12 шет мемлекеттегі өкілдіктерінде ашылған 13 сайлау учаскесінде дауыс беру басталған.Ал уақыт айырмашылығына байланысты Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында дауыс беру Астана уақыты бойынша сағат 8.00-де басталады. Қазақстандағы 92 сайлау учаскесінде аумақтық сайлау комиссияларының шешіміне сәйкес, дауыс беру сағат 6.00-де басталған.Дауыс беру сағат 20.00-ге дейін жалғасады.Елде барлығы 10 мыңнан астам, шетелде (77 мемлекетте) 66 сайлау учаскесі құрылған.Сайлаушы тізімінде 12 миллионнан астам азамат бар.
- Соңғы
- Шілде, 04
-
-
- Шілде, 03
-
-
-
- Шілде, 02
-
- Шілде, 01
-
- Маусым, 30
-
-
-
-
-
-
- Маусым, 28
-
- Маусым, 27
-
-
-
- Маусым, 26
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
5 шілде 2025
5 шілде 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар