Облыс әкімі қостанайлықтарды ауласына барып құттықтады

Майлин көшесіндегі 24 үйдің ауласында қала тұрғындары дастархан жайып, халық әндерін шырқап, ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырды. "Алыстағы туыстан, жақындағы көршің артық" деген жақсы сөз бар. Аула тұрғындарының Наурызды бірге тойлап жатқаны қуантады. Наурыз – күн мен түннің теңелуін, бейбітшілік пен достықты тойлайтын тамаша мереке. Аула тұрғындары бірлесіп тазалық жұмыстарын жүргізіп, мерекеге жақсы дайындалғанын көруге болады. Қала тұрғындарына мереке сыйлаған ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін, - деді облыс әкімі құттықтау сөзінде. Құмар Ақсақалов аула тұрғындарына сыйлықтар беріп, "Юбилейный" шағын ауданындағы аула мерекесіне де қатысты. Онда да мерекелік дастархан жайылып, ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылды. Kstnews.kz хабарлауынша, Қостанайда мереке қарсаңында "Наурыз – әр аулада" байқауы ұйымдастырылып, қала бойынша 12 аулада Наурыз мерекесі өтті.
- Соңғы
- Танымал
- Шілде, 04
-
-
- Шілде, 03
-
-
-
- Шілде, 02
-
- Шілде, 01
-
- Маусым, 30
-
-
-
-
-
-
- Маусым, 28
-
- Маусым, 27
-
-
-
- Маусым, 26
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
7 шілде 2025
7 шілде 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар