Наурыз мейрамы Латвияда ерекше жылулықпен атап өтілді

Бұл жолы Наурыз мейрамы Латвияда тұратын қазақстандықтарды ғана емес, өзбек, ұйғыр және башқұрт диаспораларының өкілдерін, әрине, латвиялық достарды да біріктірді. Дәстүр бойынша мерекенің барлық қонақтарын «Көктем туды!» деген сөздермен қарсы алған, себебі Наурыз көптен күткен көктемнің басталуын, табиғат пен адамзаттың жаңаруын, достық пен махаббаттың бейнесін білдіреді. Іс-шараға қатысушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері, билер мен әндер, ұлттық киімдер ұсынылды. Қазақтың дәстүрлі тағамдарынан берекелі дастархан жайылды. Наурызды атап өту ұлттық ойындарсыз, жарыстарсыз және байқауларсыз болған жоқ. «Қамажай» қазақ халық әніне би флэшмобы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Сәуле» орталығында еліміздің туристік маңызы бар көрікті жерлерін паш еткен «Менің шуақты Қазақстаным» атты фотокөрмесі ұсынылды. Қазақстанның Латвиядағы елшілігі «Сәуле» қазақстандық мәдени орталығына, Елгава қаласының «Қоғамдық мәдени орталығына» және «Земгале» КЕҰ-ға іс-шараны ұйымдастырғаны және өткізгені үшін ризашылығын білдіреді. Латвияда қазақ мәдениетін дәріптеуге бағытталған белсенді жұмысы, сондай-ақ екі ел арасында достық қарым-қатынас орнатқаны үшін А.Дабулова Қазақстанның Латвиядағы Елшілігінің алғыс хатымен марапатталды.
- Соңғы
- Танымал
- Шілде, 04
-
-
- Шілде, 03
-
-
-
- Шілде, 02
-
- Шілде, 01
-
- Маусым, 30
-
-
-
-
-
-
- Маусым, 28
-
- Маусым, 27
-
-
-
- Маусым, 26
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
7 шілде 2025
7 шілде 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар