Жеңіс Қасымбек елорда тұрғынына Президент атынан сыйлық табыстады

Елімізде «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясы өтіп жатыр. Акция аясында еріктілер мен белсенді азаматтар халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарына: көпбалалы отбасылардың, ерекше қажеттіліктері бар жандардың, зейнеткерлердің және т.б. өтініші мен тілектерін орындауға көмектеседі. Осыған дейін Мемлекет басшысы акцияға қатысушылармен кездесіп, сандықшадан хаттардың бірін таңдаған болатын. Өтініште Астана тұрғыны тонометр сұрағаны жазылған. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Гүлжахан Сыдықовамен кездесіп, Мемлекет басшысының атынан тонометрді табыстады. Сондай-ақ оған материалдық көмек көрсетіліп, санаторийге жолдама беріледі. Гүлжахан Сыдықова Президент пен «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясына қатысушыларға алғысын білдірді.
- Соңғы
- Танымал
- Шілде, 04
-
-
- Шілде, 03
-
-
-
- Шілде, 02
-
- Шілде, 01
-
- Маусым, 30
-
-
-
-
-
-
- Маусым, 28
-
- Маусым, 27
-
-
-
- Маусым, 26
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
6 шілде 2025
6 шілде 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар