Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астанада «Жас сарбаз» тәрбиеленушілері арасында ең мықты шахматшылар анықталды

baq.kz

 Астанада «Жас сарбаз» тәрбиеленушілері арасында ең мықты шахматшылар анықталды

Jas sarbaz Chess Cup зияткерлік сайысына барлық облыс пен Республикалық маңызы бар қалалардан 12-17 жас аралығындағы отыздан астам ұл мен қыз қатысты. Сайыс Швейцария жүйесі бойынша жылдам шахмат форматында өтті.

Балаларды турнирдің аяқталуымен құттықтауға Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының бастығы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Әсенов, Ұлттық қорғаныс университеті бастығының орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабы академиясы факультетінің бастығы генерал-лейтенант Абай Тасболатов, Мемлекеттік күзет қызметінің ардагері запастағы подполковник Бақытгүл Баетова, «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев және «Жастар Ассамблеясы» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаев келді.

Шахмат – ақыл-ой мен шығармашылық қабілетті дамытып, тез шешім қабылдауға үйретеді. Жоғары оқу орындарына оқуға түсу кезінде осы спорт түрін меңгергендігіне де назар аударады. Қазіргі қоғамға интеллектуалды дамыған, терең ойлайтын адамдар қажет. Ал, сіздер жастардың дәл осы қатарындасыздар, – деп атап өтті марапаттау рәсімінде Абай Тасболатов.

Жеті турдың қорытындысы бойынша астаналық Едіге Рахат жасөспірімдер арасындағы спорттық-зияткерлік сайыстың чемпионы атанды. Ақмола облысынан келген Алисат Қасенов күміс, Ақтөбе облысынан келген Бейбарыс Бекбол қола жүлдегер атанды.

Қыздар арасында алтын медальге Астана қаласының тұрғыны Анастасия Перейма ие болса, Қарағанды облысынан келген Айғаным Қамбарова күміс, шымкенттік Дилнозахон Мұсахожаева қола жүлдеге ие болды.

Абай облысы Семей қаласынан келген Дана Тұрсынбаева «Табандылық пен жеңіске деген жігері үшін» арнайы номинациясымен марапатталды. Сегізінші сынып оқушысы бес жасынан бастап шахматпен айналысады. Кішкентай кезінен осы спорт түріне анасы баулыған.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне медальдар, дипломдар мен сыйлықтар табысталды

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024