Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Мемлекеттік қызметті жаңғыртуды сапалы жүзеге асыру мәселесі талқыланды

baq.kz

 Мемлекеттік қызметті жаңғыртуды сапалы жүзеге асыру мәселесі талқыланды

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаевтың басшылығымен орталық мемлекеттік органдардың және бейнеконференцбайланыс арқылы жергілікті атқарушы органдардың аппарат басшылары үшін мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген толықтырулар мен өзгерістерді талқылау бойынша жиын өтті. Мемлекеттік қызметті түбегейлі жаңғыртудың негізгі мақсаты – халыққа шынайы, адал, ашық қызмет көрсететін, бюрократияға жол бермейтін сервистік сипаттағы мемлекеттік аппарат қалыптастыру. Мемлекет басшысы ерекше атап өткен «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» формуласын ұстану қажет. Бұл мемлекеттік басқаруды жаңғыртудағы негізгі ұстаным, - деді Дархан Жазықбаев. МҚІА басшысы мемлекеттік қызметті жаңғыртуға жалаң тапсырма ретінде қарамай, оның шынайы өзгерістерге бастайтын маңызды қадам екендігін тереңірек түсіну қажеттілігіне тоқталды. Мемлекеттік қызметті түбегейлі жаңғыртуды сапалы жүзеге асыру және жеке сектордан кәсіби мамандарды мемлекеттік қызметке тартудағы аппарат басшыларының маңызды рөлі аталып өтті. олыққанды стратегиялық HR-институты болып қалыптасу аясында Агенттік мемлекеттік органдардың HR-серіктесіне айналады. Бұл бағытта кадр қызметтерін трансформациялау және HR институттарын реинжинирингтеу бойынша тиісті жұмыстар жүргізу көзделуде. Адами ресурс – бұл өнімділікті, еңбек тиімділігін арттыру үшін қолдануға болатын адамдардың әлеуеті. Сондықтан HR менеджер – бұл ұжымды басқарушы ғана емес, ол адам ресурсымен жұмыс істейтін, адамдардың еңбек өнімділігін арттыруға тиімді бағыттаушы маман. Қажетті мамандарды ынталандыратын, бағалайтын және іздеуші адам. Осы орайда, мемлекеттік аппараттағы басшылық лауазымдағы қызметкерлер алдағы уақытта HR менеджерлерге айналуы қажет, - деді Агенттік төрағасы. Жиын барысында мемлекеттік қызмет туралы Заңға «келісімшарттық қызметшілер» ұғымы мен ротациялық төлемдер енгізу, Агенттікке мемлекеттік қызметте қашықтықтан жұмыс жасау және икемді жұмыс кестесін реттеу, мемлекеттік органдарда басшылар мен орындаушылар санын реттеу, жұмыс кестесінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру құзыретін беру және т.б. енгізілген өзгерістер айтылды.Сондай-ақ 1 сәуірден бастап Агенттікке мемлекеттік органдарда жұмыс режимін бұзу туралы әкімшілік істерді қарау бойынша берілген құзыреті қолданысқа енгізіледі.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 маусым 2024