Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Магистратураға түсуге арналған тестілеуге тіркелу басталды

baq.kz

 Магистратураға түсуге арналған тестілеуге тіркелу басталды

Тіркелу ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында 2023 жылғы 15 шілдеге дейін өтеді. Тест тапсырушыларға өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін, яғни 15 шілдеге дейін білім беру бағдарламаларының тобына, тест тапсыру тілі мен орнына (қаласына) өзгеріс енгізуге мүмкіндік беріледі. Тестілеу орны мен уақыты туралы ақпарат 18 шілдеде түсушінің жеке кабинетінде ұсынылады. Кешенді тестілеудің өзі 20 шілдеде басталып, 10 тамызға дейін жалғасады. Кешенді тестілеу электрондық форматта өткізіліп, үш блоктан тұрады: шет тілі бойынша тест, оқуға дайындығын анықтауға арналған тест және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест. Бұған, жалпы алғанда, 3 сағат 55 минут беріледі. Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттардың бірі бар оқуға түсушілер шет тілі бойынша тест тапсырудан босатылады, – деп айтты ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев. Биылғы жылы ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін шекті балл – 75 балды, ал бейінді магистратураға 50 балды құрайды. Кешенді тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда оқуға түсушілер тестілеу аяқталғаннан кейін бірден апелляцияға өтініш бере алады. Айта кетейік, 2023-2024 оқу жылына магистратураға түсуге 13 мыңнан астам грант бөлінді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 наурыз 2024