Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақтөбе прокуратурасы Қаңтарда оққа ұшқан Русланбек Жұбаназаровтың әке-шешесін 1,5 жылдан кейін жәбірленуші деп таныды

azattyq.org

Ақтөбе прокуратурасы Қаңтарда оққа ұшқан Русланбек Жұбаназаровтың әке-шешесін 1,5 жылдан кейін жәбірленуші деп таныды

Ақтөбе прокуратурасы мен полициясы Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан Русланбек Жұбаназаровтың әке-шешесін 1,5 жылдан кейін жәбірленуші деп таныды. Бұл туралы Азаттыққа Русланбектің әкесі Бүркіт Жұбаназаров хабарлады.Шалқар ауданы Мөңке би ауылында тұратын Бүркіт Жұбаназаровтың сөзінше, мамыр айының соңында оған Ақтөбе полициясынан хабарласып, облыс орталығына шақырған.– Ақтөбенің полициясынан "сіз жәбірленуші деп танылдыңыз, облыс орталығына келіп кетіңіз" деп хабарласты. Аяғымды ауыртып алып, үйден шыға алмай отыр едім. Онда үйіңізге Шалқар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері барады деп ескертті. Ауданнан полицияның екі қызметкерін жіберіпті. Олар бізді жәбірленуші деп тану туралы құжатқа қол қойдырып алды, – дейді Бүркіт Жұбаназаров.Биыл 24 қаңтарда Ақтөбе қаласының мамандандырылған тергеу соты Русланбек Жұбаназаров отбасының осы кезге дейін жәбірленуші деп танылмауы заңсыз деп есептеп, істі қайта тергеуді тапсырған еді.Осыдан соң Ақтөбе облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы 16 ақпанда Русланбек Жұбаназаровтың қарындасы Жайнагүл Бүркітқызын жәбірленуші деп таныған. Бірақ полиция жәбірленушіні қылмыстық іс материалдарымен таныстырмай, істі екінші рет жауып тастаған. Араға біраз уақыт салып Русланбек Жұбаназаровтың да әке-шешесі жәбірленуші деп танылды.– Русланбек Жұбаназаровтың ісі бойынша бір емес, үш жәбірленуші бар. Бірақ прокуратура мен полиция оларды іс материалдарымен таныстырмай, құпия деп жауып тастап отыр. Бұл – 100 пайыз заңсыздық. Біз конституциялық сотқа шағымданамыз, – дейді құқық қорғаушы Амангелді Шорманбаев.Ақтөбе полициясы Азаттықтың Жұбаназаров ісі туралы сауалдарына жауап бермеді. Прокуратура ресми сауал жолдауды сұрады.Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Мөңке би ауылының тұрғыны – 30 жастағы Русланбек Жұбаназаров Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан. Шешесі Күлсім Жұбаназарованың сөзінше, 6 қаңтарда сағат 22.00 шамасында Ақтөбе қаласына жеткен Русланбек жол сөмкесін қарындасының үйіне тастап, досымен бірге шығып кеткен. Содан хабарсыз қалған.Кейін туыстары митингінің соңғы сағаттарында Русланбек достарымен бірге алаңға барғанын, полиция қуған кезде сол маңдағы көпқабатты үйдің ауласына қарай қашқанын білген. Сол күні сағат 4.00-ден өте Әбілқайыр хан даңғылындағы көпқабатты үйлердің бірінің алдында жатқан мәйітті көріп, тұрғындар жедел жәрдем шақырады. Кейін ол Русланбек Жұбаназаров екені анықталған. 7 қаңтарда туыстары марқұмның сүйегін мәйітханадан тапқан.Алғашында билік "террорист" деп айыптап, траншеяға көмбек болған Жұбаназаровтың сүйегі туыстарына шамамен бір ай уақыттан кейін, 2022 жылғы 8 ақпанда берілген. Туыстары марқұмды келесі күні, 9 ақпанда туған ауылы Мөңке биге жерледі.Былтыр 2 қаңтарда Жаңаөзенде сұйылтылған газдың қымбаттауына қарсы наразылық басталған еді. Қарсылықты Ақтөбе халқы да қолдаған. Жергілікті тұрғындар облыстық әкімдік алдына барып, қымбатшылыққа наразылық білдірген. Наразылардың кейбірі әкімдікке басып кірмек болған. Полиция оларға көз жасаурататын газ шашып, резеңке оқ атты.Қаңтар оқиғасы кезінде Ақтөбе облысында екі адам мерт болды. Русланбек Жұбаназаров билік демонстранттарды күштеп таратқан күні – 2022 жылғы 7 қаңтарда таң алдында оққа ұшса, екінші адам – Файзулла Нұргелдин алаңда жараланғанынан оңала алмай, екі айдан соң қайтыс болды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 наурыз 2024