Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Депутат Көлгіновке: Инфляция мен әлеуметтік төлем мөлшерлес болуы керек пе?

baq.kz

 Депутат Көлгіновке: Инфляция мен әлеуметтік төлем мөлшерлес болуы керек пе?

Үкіметтің 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебінде Жоғары аудиторлық палата ұсынған қорытынды негізінде 2022 жылдың нәтижесі мынадай болып отыр. Нысаналы дәлізден 8%-дан 10%-ды болжаған болса, 10,3 пайыздық тармаққа аса отырып, инфляцияның деңгейі қазіргі таңда 20,3% болды. Азық-түлік тауарларының бағасы шарықтап, 25,3%-ға өсті. Халықтың нақты ақшалай табысы 1%-ға төмендеді, - деді депутат.

Шапақтың айтуына қарағанда, әлеуметтік төлемдер 9%-дан 11%-ға ұлғайды. Яғни қалыптасқан инфляцияда екі есеге төмен болып отыр.

Сіз инфляция деңгейі мен әлеуметтік төлемдердің ұлғаюы мөлшерлес болуы керек деп есептейсіз бе? Үкіметтің әлеуметтік төлемдерді инфляция деңгейіне дейін ұлғайту жоспарлары бар ма? – деп сұрады Үнзила Шапақ.

Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов депутаттың сұрағына жауап берді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бірқатар іс-шараны қабылдадық. Ия, былтыр инфляцияның жоғары болуына байланысты азаматтарымыздың табысы төмендеп кеткені рас. Сондықтан биылға Үкімет бірқатар іс-шараны қабылдады. Егер әлеуметтік осал топтар туралы айтатын болсақ, соның ішінде мүгедектігі бар адамдар, жалпы алғанда 900 мыңнан астам азаматқа әлеуметтік қолдауларлар, төлемдер көтерілді. Жылдың басында 8,5% және 1 шілдеден бастап 4,5%-ға көтеріледі, - деді Үкімет мүшесі.

Оның сөзінше, бұл қолдаулар шамамен 23%-ға көбейді.

Зейнетақы, дәрігерлер, мұғалімдер, азаматтық қызметкерлердің де жалақылары да көбейді. Жалпы 4,4 млн азамат мемлекеттен 4 трлн 700 млрд теңгеге қолдау алады.

Көлгінов басқа да жүргізіліп жатқан қолдаулар туралы айтып, олар өз жалғасын табатынын айтты.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024